Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында карантин талаптарын сақтамаудың алты мыңнан астам дерегі анықталды

Түркістан облысында карантин талаптарын сақтамаудың алты мыңнан астам дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал аудандық полицейлері Covid-19 коронавирустық инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне орай карантиндік режимнің сақталуын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізуді жалғастыруда. Мобильді топтар азаматтардың, сауда және ойын-сауық орындарының, дүкендер мен базарлардың иелерімен, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде және көшелерде карантин мен өзін-өзі оқшаулау режимінің сақталуын тексеруде. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша карантин талаптарын сақтамаған 313 жайт анықталған. Көкпар мен Қазақ халқын ажырату мүмкін емес. Алайда қазіргі мынау індет жайлап тұрғанда ел амандығы үшін, ұлттың тұтастығы, халқының денсаулығына алаңдап тұрған шақта бұл дәстүрге шектеу қою қажет.
Мақтааралдық тәртіп сақшылары күнделікті бұл бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізуіне қарамастан қазіргі таңда көкпар ойынын ұйымдастырушылардың қатары сейілер емес. Соның бірі Мақтаарал ауданы, Өркениет ауылында 80 адамаға ұйымдастырылған кезекті көкпар ойыны тоқтатылып, тұрғындар тарқатылды.

Одан бөлек, Мақтаарал ауданы, Атакент ауылында рейдтік тексеру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара өткізу барысында сағат 17:50 шамасында Мақтаарал ауданының көше бойында орналасқан дәмхананың меңгерушісі медициналық бет-пердесіз жұмыс істеп жүргені анықталды.

Естеріңізге сала кетсек Түркістан облысы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының талаптарын сақтамаған 6 035 дерек анықталып, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерімен 4 778-іне хаттама толтырылған. Оның ішінде той, құдалық өткізгендерге қатысты 569 жайт тіркелген. Сондай-ақ 2 271 дерек тұрғылықты мекен-жайларында түрлі іс-шаралар өткізген тұрғындарға қатысты.

Облыс полицейлері ескертеді, карантин кезінде той-жиындар, басқосулар, отбасылық, мерекелік, ұжымдық іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынған. Оған қоса бетперделік режим мен арақашықтықты үнемі сақтау міндеттеледі. Сондықтан заңға баршамыз бірдей бағынайық!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру