Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында кезекті полиция сыныбы ашылды

Сарыағаш аудандық полиция басқармасының бастамасымен №78 жалпы білім беретін мектебінде ІІО-ның еңбек сіңірген қызметкері полиция полковнигі Диханбаев Әмірхан Тоқтауұлының құрметіне полиция сыныбы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салтанатты шараға Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Сапар, аудандық полиция басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ А.Диханбаевтың жұбайы, балалары, немерелері мен туыстары қатысты. Кездесу барысында жас ұрпаққа полицей мамандығының қоғамдағы рөлі туралы айтылып, А.Диханбаев туралы естеліктермен бөлісті.

Сондай-ақ іс-шарада оның өмір жолы, ерлігі мен полиция полковнигінің қызмет еткен жылдары туралы деректер айтылды.

Сыныпты ашудағы басты мақсат – жастар арасында қазақстандық полицияның имиджін арттыру, батылдықты насихаттау, оқушыларды отансүйгіштік рухында тәрбиелеу.

Жиын соңында полиция сыныбының алғашқы курсанттары болған мектеп оқушылары өз Отанының қорғаушысы болуға, оқуда және қоғамдық өмірде белсенді болуға ант берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру