Түркістан облысында көлігінің нөмірін жасырған жүргізушілер жазаланды
Түркістан облысында көлігінің нөмірін жауып қойған 40-қа жуық жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық жұмыс барысында көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін қасақана жауып алған жүргізушіні байқады. Тәртіп сақшылары күмәнді көлікті бірден тоқтатты. Аталған оқиға республикалық маңызы бар Шымкент – Самара тасжолында болды.
Белгілі болғандай, 30 жастағы Арыс ауданының тұрғыны көлігінің нөмірін дымқыл майлықпен жауып, өрескел құқық бұзушылық жасаған. Сот қаулысымен ол 1 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды.
Түркістан облысы полиция департаментінің патрульдік полицейлері жыл басынан бері автокөліктерінің тіркеу белгілерін шешіп тастаған 40-қа жуық көлік жүргізушісін жауапқа тартқан.
https://youtu.be/XX8siRpVavU