Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында көлік жүргізушісінен марихуана тәркіленді

Түркістан облысында көлік жүргізушісінен марихуана тәркіленді , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Арыс ауданы аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.

Нақтырақ айтсақ, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Mitsubishi автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер тексеру кезінде жүргізушіден есірткі заты бар 3 орама тапты. 

Одан әрі полицейлер күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде тағы 1 қағаз орамасын тәркіледі. Алынған заттың жалпы салмағы 160 грамнан астам марихуана болып шықты. 

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру