Түркістан облысында коменданттық режимді бұзған 100 адам анықталды
Түркістан облысында коменданттық уақытта тұрғылықты мекенжайдан тыс жерде жүрген 100 адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сай төтенше жағдайдың жариялануына байланысты Мақтаарал ауданы ПБ жеке құрам қызметкерлерімен Мақтаарал ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Республика көлемінде енгізілген коменданттық уақыт кезінде, яғни түнгі сағат 23:00 мен таңғы сағат 07:00 арасында мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзып, тұрғылықты мекенжайдан тыс жерде жүрген жалпы 85 адам анықталды. Ал созақтық сақшылар бүгінде осындай себеппен 15 азаматты анықтап отыр.
Аталған жайттарға байланысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары аталған жайттарға байланысты іс құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында Мақтаарал және Созақ аудандық сотына жолдады.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды сабырға шақырады. Белгіленген уақытта үйден шықпай, тәртіпке бағынуды ескертеді. Егер де коменданттық уақыт кезінде үй-жайдан тыс жерде жүрген болсаңыз, әкімшілік шара көрілетінін еске саламыз.