Түркістан облысында Конституция күніне орай 180-нен астам полицей марапатталды
Түркістан облысында Конституция күніне орай 180-нен астам полицей марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Конституция күні мерекесіне орай Түркістан облысы полиция департаментінің мәжіліс залында салтанатты шара өтті. Жиынға Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов арнайы қатысып, барша полицейлерді еліміз үшін маңызды мерекемен құттықтады.
Одан соң, облыстың бас полицейі М.Қабденов өздеріне жүктелген міндетті абыройлы атқарып жүрген үздік тәртіп сақшыларын марапаттады.
“Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен Д.Сартаев, “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісімен Қ.Алекешов, Б.Махатов, Н.Асанов, ҚР ІІМ-нің грамотасымен Ғ.Көшкінбаев, Н.Қамбаров, ҚР ІІМ-нің Алғыс хатымен Ә.Бүркітбаев, М.Тастемір марапатталды.
Сонымен қатар қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін департаменттің грамотасымен: М.Темірхан, қатардағы полицей Д.Аманов және Ұлттық Ұлан №6506 әскери бөлімі қызметкерлерінен: С.Жолаев, Б.Нәлібай, Д.Маратов, Алғыс хатпен А.Алғабай марапатталды.
Өз кезегінде департамент қызметкерлерінің ішінен жүздеген қызметкер Мұрат Талапұлының Алғыс хатымен марапатталды.
Шара соңы елімізге танымал өнер жұлдыздарының ән шашуымен ұласты. Полицей әнші өнерлі қызметкерлермен қатар сахнада Нұржан Төлендиев, Бақытжан Мұстафаев және “Семсер” тобының жігіттері әсем ән шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мұрат Қабденов халық пен елге қызмет етуді өзіне азаматтық борыш санаған тәртіп сақшыларын марапаттарымен құттықтай отырып, еңбектеріне табыс, қызметте абырой тіледі!