Түркістан облысында консультативті-кеңесші органның 15-ші отырысы өтті
Түркістан облысында консультативті-кеңесші органның 15-ші отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінің мәжіліс залында ҚР Ішкі істер органының ардагері Мұхтар Ермековтің төрағалығымен консультативті-кеңесші органның кезекті отырысы өтті. Аталған шараға ІІО ардагері О. Жанқожаев, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері С. Садықов, мәслихат депутаты Б. Сүлейменов, Ақпараттық саясат бөлімінің бастығы Г. Абдужаппарова және полиция департаментінің жеке құрамы қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары, есірткімен байланысты қылмыстар және психотроптық заттарды қолдануға қарсы жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар талқыланды. Бұл мәселелер бойынша полиция полковнигі Қ. Жұмаділлаев пен полиция капитаны А. Қадыр баяндама жасап, тәртіп сақшыларының жыл бойы атқарған жұмыстарын атап өтті.
Айта кету керек, консультативті-кеңесші органның 15 отырысы барысында қызметкерлердің тәртібі мен әлеуметтік қорғау мәселелері де қаралды.
Жалпы, бұл басқосулардың басты мақсаты – халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін нығайту, үкіметтік емес ұйымдардың құқықтық мемлекетті құрудағы рөлін арттыру.
Жиынның қорытындысында консультативті-кеңесші органның мүшелері көтерілген мәселелердің бақылауға алынатынын және алдағы уақытта жұмыстардың жалғасатынын айтты.