Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 76 шетелдікке хаттама толтырылды

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 76 шетелдікке хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында «Заңсыз келуші-2021» іс-шарасы қорытындыланды. Басты мақсат – облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Сонымен қатар, ҚР-ға келу, болу, кету ережелерін сақтау болып табылады. Мәселен Сарыағаш ауданында жалпы 76 заңсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматтары анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің бабтарына қатысты хаттамалар толтырылды. Атап айтар болсақ, 517-бабтың 4 бөлігімен -14 хаттама, 517-бабтың 5-бөлігімен 38 хаттама, 518-бабтың 1-бөлігімен 16 хаттама, 519-бабтың 1-бөлігімен 8 хаттама толтырылды. Барлық толтырылған хаттамалар әкімшілік шара көру үшін Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қана қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру