Түркістан облысында мал жаю қағидаларын бұзған 500-ден астам адам анықталды
Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің ерекше бөліміндегі тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігімен белгіленген баптары бойынша осы жылдың сегіз айында жалпы нөлдік төзімділік қағидаты бойынша 1727 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) – 112, ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) – 5, ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабымен (Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы) – 3, ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабымен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) – 1, ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабымен (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) -46, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша 504 құқық бұзушылықты анықталды.
Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) – 481, ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабымен (Тыныштықты бұзу) – 27, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 220, ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы (Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу) бойынша сегіз , ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуымен) – 7, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы) – 233 құқық бұзушылық және ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 77 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік шара қолданылды.
Мәселен, егістік алқапқа малдарын қараусыз жібірген тұрғындарды анықтап, Мақтаарал АПБ ЖПҚБ-нің учаскелік полиция инспекторларымен ауыл шаруашылығы жануарын жаю қағидасын бұзған 504 тұлғаны анықтап, олардың әр қайсысына 3 айлық есептік көрсеткіш, яғни 9189 теңгеден айыппұл салды.