Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас халде автокөлік басқарған жүргізуші қамауға алынды

Түркістан облысында мас халде автокөлік басқарған жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-ның полиция қызметкерлері жолда жүру ережелерін сақтау мақсатында рейдтік жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде. Кезекті шара барысында бұрылыс жарығын жақпай өтіп кеткен KIA автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көліктің иесі 2019 жылдың ақпан айында Түлкібас аудандық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабына сәйкес көлік басқару құқығынан үш жылға айырылғаны анықталды. Сондай-ақ полицей жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді. Тәртіп сақшысы осы жайтты нақтылау үшін жүргізушіні сараптамадан өткізді. Куәландыру қорытындысы оның мас күйде екенін растады.

Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған азамат қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру