Түркістан облысында мас күйде көлік тізгіндеген 300-ден астам жүргізуші ұсталды
Түркістан облысында жыл басынан бері мас күйде көлік тізгіндеген 300-ден астам жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері спирттік өнім тұтынған 304 көлік иесін ұстады. Оның барлығы көлік жүргізу куәлігінен айырылып, әкімшілік қамауға алынған.
Аталған мәселеге орай, яғни мас жүргізушілердің қатысуымен 11 жол көлік оқиғасы орын алып, бес адам қайтыс болған. Сондай-ақ, 25 адам дене жарақатын алған.
– Дәл осылай ережеге бағынбау, жауапкершіліктің жоқтығы қоғамға дерт туындатады. Оған ұрынбау, өз қолымызда. Жан тыныштығы үшін заңға бағыныңыз. Көлік жүргізуші, ережені ескеріңіз, жол бағытынан таймаңыз. Діттеген жерге жету үшін біліктілігіңізді көрсетіңіз. Көлік тізгіндегенде ішімдік тұтынудан аулақ болыңыз. Адам өмірі құнды екенін естен шығармаңыз!, – дейді түркістандық тәртіп сақшылар.