Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас жүргізушілер саны азаймай тұр

Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік тізгіндеген жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар ауданы көшелерінің бірінде түнгі сағат 02:00 шамасында жергілікті тұрғын өзінің басқаруындағы «Ауди 100» маркалы автокөлігімен келе жатып, жол ережесін бұзған. Осыған байланысты Отырар АПБ-ның тәртіп сақшылары аталған көлікті тоқтатып, құжаттарын тексеру барысында бұдан алдын жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жүргізушіні тексеру барысында, оның алкогольді ішімдік ішкендігі туралы күдік тудырған. Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары медициналық сараптама тағайындап, қорытындысында жеңіл дәрежелі масаң күйі анықталды.

Полицейлер осы деректі ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша тіркеп, жинақталған іс құжаттарды аудандық сотқа жолдады.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер, үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын естен шығармағаны жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру