Түркістан облысында мешіттерде азаматтарға құқықтық ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Түркістан облысында мешіттерде азаматтарға құқықтық ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасы қызметкерлері тұрғындармен тікелей байланыс орнату мақсатында мешіттерде профилактикалық кездесулер өткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруда.
Кездесулер барысында жамағатқа интернет-алаяқтықтың алдын алу, күмәнді сілтемелер мен белгісіз нөмірлерден сақтану жолдары, есірткінің зияны, сондай-ақ отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Полиция қызметкерлері тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты кеңестер айтты.
Аталған іс-шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған.
