Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында «Мигрант» шарасы барысында 180-нен астам құқық бұзушы анықталды

Түркістан облысында «Мигрант» шарасы барысында 180-нен астам құқық бұзушы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 20-28 ақпан аралығында Түркістан облысы аумағында ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Оның негізгі мақсаты-тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген адамдарды анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон деректерінің жолын кесу.

Полицейлер елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартатын жұмыс берушілерді анықтау үшін базарларды, сауда нүктелерін, құрылыс объектілерін, тұрғын үйлер мен шаруа қожалықтарын және басқа да орындарды тексеріп жатыр.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері екі тәулікте ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 183 адамды анықтады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың ішінде 113-і шетелдіктер болса, 70-і Қазақстан азаматтары. Сондай-ақ сот шешімімен 26 шетелдік елден шығарылды. 27 заң бұзушы арнайы қабылдап-тарату орнына жеткізілді.

Осылайша шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін Қазақстанның 20 азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

ҚР ӘҚБтК 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша 50 құқық бұзушы жауапқа тартылды.

Оған қоса көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша 113 шетелдік жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру