Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында нашақорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу кеңесінің отырысы өтті

Түркістан облысында нашақорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінде биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша нашақорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Оған департамент бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаев төрағалық етті. Өз сөзінде ол жастар мен жалпы халық арасында профилактикалық жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, әсіресе синтетикалық есірткінің таралуы қазіргі қоғам үшін үлкен қауіп төндіретінін айтты.

Ішкі істер министрлігінің бастамасымен полиция департаменті жанынан нашақорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу кеңесі құрылып, оның жұмыс жоспары мен регламенті бекітілген.

Кеңес құрылған сәттен бастап оның мүшелері "Заң және тәртіп" қағидатын ілгерілету аясында есірткіге қарсы іс-шаралар мен акциялардың тиімділігін арттыруға айтарлықтай үлес қосып келеді.

Отырыста нашақорлықтың ең өткір әлеуметтік мәселелердің бірі болып қала беретіні және жүйелі профилактикалық шараларды қажет ететіні атап өтілді. Жыл басынан бері 99 мыңнан астам оқушы, студент, ата-ана және облыс тұрғындарын қамтыған шамамен 1000 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Сонымен қатар Кеңес мүшелері 20 мыңнан астам адамды қамтыған 33 профилактикалық іс-шара ұйымдастырды. Олар нашақорлықтың алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастарда есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған.

Жұмыс жазғы уақытта сауықтыру лагерьлерінде, ал жаңа оқу жылы басталған соң студенттер мен оқушылар арасында белсенді жүргізілді. Отырыс қорытындысында Арман Бейсенбаев кеңес мүшелеріне белсенді жұмысы үшін алғыс айтып, оларды ҚР Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталуымен құттықтады және жаңадан бекітілген Кеңес мүшелеріне арнайы төсбелгілер табыс етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру