Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында нашақорлықпен күрес айлығының қорытынды жиыны өтті

Түркістан қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай бір ай бойы өткізілген іс-шараның қорытынды жиыны өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңызды шараға Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев, есірткі қылмысына қарсы кеңес мүшелері, облыс жастары мен қонақтары, жалпы барлығы 300-ге жуық адам қатысты.

Ұйымдастырушылар өз сөздерінде жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыруда профилактикалық шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ іс-шарада белгілі әншілер, облыс ансамбльдері мен жас спортшылар өнер көрсетті. Сахна төрінде патриоттық рухтағы әндер шырқалып, есірткіге қарсы драмалық көрсетілімдер ұйымдастырылды.

Ал Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастарға есірткіні қолданудың зияны туралы ескертіп, осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді.

Сонымен қатар полиция департаменті басшылығы "Біз есірткіге қарсымыз" ұранымен түрлі сайыстар мен спорттық іс-шараларда жүлделі болған жастарымызға бағалы сыйлықтар үлестірді. Ал есірткіге қарсы күреске шараларына белсенді қатысқан нарколог мамандары, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен кеңес мүшелері генерал-майор Мұрат Қабденовтың Алғыс хатымен марапатталды.

Жалпы мақсат - өскелең ұрпақтың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, жастарды нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы тұруға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру