Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында өзгенің телефонын қолды қылған ер адам анықталды

Түркістан облысында өзгенің телефонын қолды қылған ер адам анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері кафелердің бірінде ұрлық қылмысын ашты. 

Белгілі болғандай, күдікті кафеде даяшы болып жұмыс жасаған. Жәбірленуші әйел кафеге өзінің таныстарымен тамақтануға келген кезде, телефонын үстел үстінде ұмытып кеткен. 

Жас жігіт осы сәтте үстел үстінде тұрған телефонды жымқырған. Содан соң ұрланған затты сатып жіберген. Жәбірленушіге 160 мың теңге жуық шығын келтірген. 

Полиция қызметкерлері телефонды тәркілеп, иесіне қайтарды. Қазіргі таңда жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру