Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында пәтер ұрлығы азайды

Биылғы жылы Түркістан облысында пәтер ұрлығы 58,1 пайызға төмендеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда қылмыс атаулының ішінде көш бастап тұрғаны ұрлық екен. Оның ішінде ұрлықтың басым бөлігі пәтер ұрлығы болып саналады. Пәтер ұрлығына әсіресе түнде үй иелері ұйықтап жатқанда немесе үйде ешкім болмағанда түседі.

Осыған сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыстағы пәтер ұрлығын болдырмау мақсатында қарқынды жұмыстар атқаруда. Соның нәтижесінде алдыңғы жылмен салыстырып қарасақ, биылғы жылы Түркістан облысында пәтер ұрлығы 58,1 пайызға төмендеген. Бұл полицейлеріміздің өз міндеттерін жоғары дәрежеде атқарып жүргендігін көрсетеді.

Осы орайда Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға осындай ұрлықтың алдын алу үшін үйлеріңізге сапалы құлыптар мен темір торлар қоюларыңызды ескертеді. Мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Ең бастысы, аз уақытқа шықсаңыз да есігіңізді құлыптап жүруді ұмытпаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру