Түркістан облысында ПД басшылығы түнгі рейд жүргізді
Елімізде ҚР ІІМ-нің тапсырмасымен кең ауқымды "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаев облыс орталығындағы ойын-сауық орындарына тексеру жүргізді. Кәсіпкерлерге жасөспірімдердің шектелген уақыттан кейін келуіне рұқсат бермеуін ескертті. Ата-аналарды жасөспірім ұл-қыздарына абай болып, бақылауда ұстауға шақырды.
- Жалпы, іс-шара барысында ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың болуына жол берген 19 кәсіпкер жауапқа тартылды. Одан бөлек, ойын-сауық орындарында ата-анасыз жүрген 1 жасөспірім, ал тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілінсіз жүрген 19 жасөспірім анықталды. Сондықтан барша ата-аналарға, жасөспірім ұл-қызымен дос болып, араласатын ортасын біліп отыруға кеңес беремін. Әсіресе, түнгі уақытта балаларыңыздың қараусыз жүрмеуін қадағалаңыздар, - деп атап өтті.