Түркістан облысында полицей аруларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды
Түркістан облысында полицей аруларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 Наурыз – Халықакралық әйелдер мерекесі. Бұл күні жылы лебіздер мен құттықтаулардың барлығы нәзік жандыларға арналады. Дәл осы үрдіс Түлкібас ауданында да жалғасын тапты.
Яғни, түлкібастық сақшылар халықаралық әйелдер мерекесіне ерекше дайындалды. Әйелдер қауымына арналған жүрек жарды лебіздері мен өлең шумақтарын дайындады. Осылайша мерекелік іс-шара полиция бөлімінің залында карантин талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылды.
Іс-шараға Түлкібас АПБ бастығының орынбасары Қанат Түймебаев бастауымен 10-ға жуық нәзік жанды арулар шақыртылды. Полицей және мемлекеттік қызметкер болып жұмыс істейтін арулардың барлығына құттықтау және алғыс хаттар табысталды.
Сонымен қатар, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығы Мұрат Қабденовтың арнайы алғыс хатымен қызметін мінсіз атқарып жүрген полиция майоры Айнұр Байжанисова марапатталды.