Түркістан облысында полицейлер 200-ден астам оқушыны криминалистика саласымен таныстырды
Түркістан облысында полицейлер 200-ден астам оқушыны криминалистика саласымен таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Созақ ауданы полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық тобы Н.Төреқұлов атындағы IT-лицей мектебінің 200-ден астам оқушысымен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға криминалистика саласындағы қылмыстардың алдын алу, олардың жолын кесу және тергеп-тексеру процесі түсіндірілді.
Полиция бөлімінің криминалистері Даулет Назарбек пен Бақдаулет Нурдин қылмыс орнын тексеруде қолданылатын арнайы құрал-жабдықтар мен техникаларды таныстырып, заттай дәлелдемелерді іздеу, алу, бекіту және зерттеу әдістері туралы жан-жақты мәлімет берді.
Бұл кездесу жасөспірімдер арасында құқықтық сананы арттыруға және болашақта криминалистика саласына қызығушылықты оятуға бағытталған.
