Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер балалар байқауының қорытындысын шығарды

Түркістан облысында полицейлер балалар байқауының қорытындысын шығарды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында ішкі істер органдарының қауіп-қатерге толы саласында қызмет етіп жүрген, яғни жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің ұл-қыздары өз шығармашылықтарын арнап, ата-анасын мақтан тұтатынын ерекше әдіспен жеткізді.  

Полиция департаментіне, ата-аналарының жұмыс орнына қонаққа келген жасөспірімдер "Менің ата-анам полицей" тақырыбында асфальтқа сурет салып, өзара сынға түсті.

Балалар бойындағы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған бұл іс-шара отбасылық құндылықтарды дәріптеді. Сондай-ақ полиция қызметіне деген құрметті қалыптастыру, ата-аналарының күнделікті қоғам тыныштығын сақтау жолындағы еңбегіне мақтаныш сезімін оятуға бағытталды. Жалпы, байқау жылулыққа толы көтеріңкі көңіл-күйде өтті. 

Міндет, ерлік, абырой деп ұрандатқан балалардың суреттері түрлі-түсті бояулармен әрленіп, болашаққа деген үмітпен өрілді.

Байқау қорытындысы бойынша Түркістан облысы полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Мақсат Асқаров жеңімпаздарды құттықтап, департамент бастығының грамотасы мен бағалы сыйлықтарын үлестірді. Барлық қатысушыға естелік сыйлықтар табысталды. Құтты қонақтарға балмұздақ та таратылып, қуанышқа бөледі.

Осылайша бүгінгі күн – балалар мен қызметкерлердің есінде әдемі естеліктермен қалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру