Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер демалыс аймақтарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда

Түркістан облысында полицейлер демалыс аймақтарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру және "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын өткізу шеңберінде Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасы бойынша Шардара су қоймасының жағасында орналасқан демалыс аймақтарына келушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу күшейтілді.

Осы орайда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында демалушыларға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Шара барасында тәртіп сақшылары су айдындары мен жазғы демалыс аймақтарының санитарлық жағдайын тексеріп, тұрғындармен және демалушылармен экологиялық нормаларды сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Экологиялық талаптарды бұзған кейбір азаматтарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес ескерту беріліп, әкімшілік хаттама толтырылды.

Рейдтік іс-шаралар кезінде жалпы пайдалану орындарының ластануының 65 фактісі және абаттандыру ережелерін бұзудың 19 жағдайы тоқтатылды.

Жыл басынан бері полицейлер жалпы пайдалану орындарының ластануының 318 фактісін және абаттандыру ережелерін бұзудың 78 фактісін анықтады. Полицейлер жазғы кезеңде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беретін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру