Түркістан облысында полицейлер дронның көмегімен өңірдегі профилактикалық шараларды күшейтті
Түркістан облысында полицейлер дронның көмегімен өңірдегі 32 апатты-қауіпті жол учаскесінде профилактикалық шараларды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын нүктелерде патрульдік бақылау күшейтіліп, дрондар арқылы қозғалысқа мониторинг жүргізіліп жатыр.

Полицейлер Түркістан – Кентау трассасында дрон арқылы қарсы бетке шығу, қауіпті маневр жасау, жылдамдықты асыру сияқты өрескел бұзушылықтардың алдын алуда. Жыл басынан бері апатты учаскелерде дрондардың көмегімен қарсы қозғалыс жолағына шыққан – 1 222 жүргізуші анықталды.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге апатты учаскелерде ерекше сақ болуды және жылдамдықты асырмауды ескертеді. Апатты аймақтарда жасалған бір ғана қателік ауыр салдарға әкелуі мүмкін.
