Түркістан облысында полицейлер екі үйден ұрлық жасаған күдіктіні анықтады
Түркістан облысында полицейлер екі үйден ұрлық жасаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сайрамда полицияға жергілікті тұрғындардан екі арыз түсті. Олар үйлеріне белгісіз адам кіріп, телефондар мен әшекей бұйымдарды ұрлағанын хабарлады. Бір тұрғынға шамамен 350 мың, ал екіншіге 200 мың теңге шығын келген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ер адам анықталды. Күдікті оқиға болған күні үйде ешкім жоқ екенін байқап, бағалы заттарды жымқырған. Қолға түскен заттар толық көлемде иелеріне қайтарылды.
Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
