Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер электр кабелін ұрлаған ер адамды қолға түсірді

Түркістан облысында полицейлер электр кабелін ұрлаған ер адамды қолға түсірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық қылмысына барған күдіктіні қолға түсірді. Белгілі болғандай, күдікті ер адам бір жыл бұрын құрылыс жұмыстарын жүргізген мекемеге ұрлыққа түскен.

Ол күзетшінің болмайтынын, бейнебақылау камералары жоқтығын пайдаланып, түнгі уақытта қоймаға кіріп, 100 метрге жуық электр кабелін жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 180 мың теңге.

Полиция қызметкерлері айғақты заттарды күдіктінің тұрғылықты жерінен тәркілеп алды.
Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру