Түркістан облысында полицейлер көлік тізгіндеген бойжеткенге дөңгелегін ауыстыруға көмектесті
Түркістан облысында полицейлер көлік тізгіндеген бойжеткенге дөңгелегін ауыстыруға көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент - Самара республикалық маңызы бар трассасында патрульдік полиция қызметкерлері Бектай Тоқтағұлов пен Елік Төлежанов жол жиегінде авариялық дабылы қосылған Mazda автокөлігін байқады.
Жүргізушімен тілдесе келе автомобильдің дөңгелегі жарылып, оны ауыстыру қиынға соғып тұрғанын анықтады. Полицейлер тез арада дөңгелекті ауыстыруға көмектесіп, автоледиге өз жолын жалғастыруға мүмкіндік берді.
Азаматша патрульдік полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі мен қамқорлығы үшін шын жүректен алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Полицейлер атап өткендей, олардың негізгі міндеті жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ғана емес, жол қозғалысында қиындыққа тап болған жолаушыларға көмек көрсетуге әрқашан дайын екендігінде болмақ.