Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 280 адамды анықтады

Түркістан облысында полицейлер бір тәулік ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 280 адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының аумағында 14-18 қазан аралығында өткізіліп жатқан “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 280 адамды анықтады. Оның ішінде 229 шетел азаматы мен Қазақстан Республикасының 51 азаматы тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Мәселен ҚР көші-қон заңнамасын бұза отырып, шетелдіктерге тұрғын үйді заңсыз бергені үшін 40 құқық бұзушы және шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 11 ҚР азаматына шара көрілді.

Сайрам ауданында көші-қон саласының қызметкерлері ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған жақын шетелден келген 4 азаматты анықтады, оларға қатысты жинақталған материалдар сотқа жіберілді. 

Сондай-ақ халықтың көші-қоны туралы ҚР заңының талаптарын өрескел бұзғаны үшін сот шешімімен 60 шетелдік азамат елден шығарылды. 

Өз кезегінде полицейлер азаматтарды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырады. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру