Түркістан облысында полицейлер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Түркістан облысында полицейлер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ермек Өсербаев қаладағы №26, №22 және М.Әбенов атындағы мектебінің оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында Ермек Өсербаев 100-ден астам жоғары сынып оқушыларына қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды мәселелерін талқылады және құқықтық салдарын түсіндірді.
Өз кезегінде полицейлер қорқыту, есірткі қылмыстары және басқа да құқық бұзушылықтар үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Кездесу соңында ювеналды полиция инспекторлары бастауыш сынып оқушыларымен сөйлесіп, жолда жүру ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы айтты.
Сондай-ақ полицейлер бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде абай болу және интернеттегі алаяқтардан сақ болу туралы кеңес берді.
Полицейлер атап өткендей," қауіпсіздік сабақтары " жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруда, қауіпсіз қоғамды қалыптастыруда және полиция жұмысына деген сенімді арттыруда маңызды қадам болды.