Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер мыңнан астам мектепке барды

Түркістан облысында полицейлер мыңнан астам мектепке барды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Білім күнінде полиция Түркістан облысындағы 1093 мектепте жол ережесі бойынша сабақ өткізді.

Солардың біріне полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов арнайы қатысты. Ол оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ал мұғалімдер мен ата-аналарды бәсекеге қабілетті, патриоттық және заңға бағынатын ұрпақты бірлесіп тәрбиелеуге шақырды.

 Облыстың бас полицейі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бірінші сынып оқушыларына естелік сыйлықтар табыс етті және арнау хаттар таратты.

 Кішкентай оқушыларға жол қозғалысы ережелері мен көшедегі қауіпсіз мінез-құлық туралы танымдық бояулар таратылды.

 Өңірдегі профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 9,2% төмендеген. Оқушылардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін облыстың 1093 білім беру мекемесінде полицияның жедел басқару орталығына қосылған 17 мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылған.

Айта кетсек, алғашқы қоңырауды өткізуге 1350 полиция қызметкері мен 134 қызметтік көлік жұмылдырылды. Іс-шаралар облыстың барлық аудандары мен қалаларында өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру