Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер оқушыларға "Қауіпсіз балалық шақ" концепциясын түсіндірді

Түркістан облысында полицейлер "Қауіпсіз балалық шақ" концепциясын түсіндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер  жоғары сынып оқушыларымен "Қауіпсіз балалық шақ" концепциясы аясында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шарада жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және заң талаптарын сақтау жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

Іс-шараға Шардара ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Қасымхан Сатыбалдиев пен қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Құрманалы Абитаев, сондай-ақ мектептің әкімшілік құрамы қатысты.

Шара барысында полиция полковнигі Қасымхан Сатыбалдиев оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері жайлы кеңінен түсіндіріп, қауіпсіздік пен заң талаптарын сақтау жөнінде маңызды ақпарат берді.Сонымен қатар кез-келген қауіп төнгенде немесе құқықтары бұзылғанда үнсіз қалмай, полиция қызметінің көмегіне жүгіну қажеттігін ескертті.

Өз кезегінде полиция Құрманалы Абитаев  оқушылар қауіпсіздігі – әр баланың басты құқығы екенін айтып, балаларды заңды сақтап, тәртіпті болуға және бір-біріне құрметпен қарауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру