Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер оқушыларға қауіпсіздік сабақтарын өтті

Түркістан облысының жалпы білім беру мекемелерінде полицейлер "Қауіпсіз балалық шақ" жобасы аясында кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу полиция қызметкерлерінің басты жұмыстарының бірі. Осы тұста Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары үш мектептің оқушыларына қауіпсіздік сабақтары мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары оқушыларға буллингтен қорғану, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ нашақорлық пен лудоманияның зияны туралы түсіндірді. Сонымен бірге жол қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Кездесу соңында оқушыларға арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру