Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер оқушылармен маңызды тақырыптарды талқылады

Түркістан облысында полиция қызметкерлері оқушылармен маңызды тақырыптарды талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Жасөспірім" іс-шарасынан тыс қалмады. Қылмыстық істерді ашып, күдіктілерді ұстау секілді қиын қызметтерінен уақыт тауып, жасөспірімдермен бір толқында болуға асықты.

Түркістан қаласындағы №28, №33 мектептің жоғары сынып оқушыларымен достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында кинотеатрда кездесу өткізді.Оқушыларды киноға апарып, бірге фильм тамашалады. Ал жасөспірімдер кинодан кейін өз әсерлерімен бөлісті. Олардың айтуынша, кездесу бойы өздерін қауіпсіз сезініп, полицияға деген сенімдері одан сайын арта түсті. Ал тәртіп сақшылары жастарға елдің болашағы екенін, тек дұрыс жолмен жүріп, жақсы әрекеттерге әуес болуды дәріптеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру