Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер қызмет бабында қаза тапқан сақшыларды еске алды

Түркістан облысында полицейлер қызмет бабында қаза тапқан сақшыларды еске алды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің жұбайларын арнайы қонақ етті. Ақ жаулықты аналарымызды мерекелерімен құттықтап, гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар үлестірді.


— Біз қызметін адал атқарып, ерлікпен қаза тапқан әріптестерімізді ешқашан ұмытпаймыз. Олардың отбасына, артында қалған ұл-қыздарына әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз, — деп атап өтті өңірдің бас полицейі М.Қабденов.

Түркістан облысының полицейлері бүгінгі күннің батыры саналатын, халқына аянбай қызмет ете жүріп, ажал құшқан полицейлердің есімдері әрқашан биікте тұратынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру