Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер тасжолда көлігі бұзылып қалған жүргізушіге көмектесті

Түркістан облысында полицейлер тасжолда көлігі бұзылып қалған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД патрульдік полиция батальнының қызметкерлері М. Мақұлбеков пен Н. Әкімбай жолда бұзылып қалған Nissan көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті.

Нақтырақ айтсақ, түнгі уақытта полицейлерге «102» операторынан Шымкент – Самара тасжолында азаматтарға көмек қажет екені туралы ақпарат келіп түсті. Патрульдеу қызметінде жүрген тәртіп сақшылары жедел шаралар қабылдап, оқиға орнына дереу барды.

Тексеру барысында Ақтөбе облысы тұрғындарының көлігіне қосалқы бөлшектерді ауыстыру қажет екені анықталды. Полицейлер қажетті көмекті көрсетіп, көлікті жөндеуге жәрдем етті.

Жас жігіттер Түркістан полицейлерінің көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыстарын білдіріп, өз бағыттарын жалғастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру