Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер тұман кезінде тасжолдағы көліктерді сүйемелдеп шығарып салды

Түркістан облысында полицейлер тұман кезінде көлік құралдарын сүйемелдеп шығарып салды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында тәртіп сақшылары Шымкент - Түркістан бағытынан Тараз - Алматы бағыттарына қарай тек жеңіл автокөліктер мен жолаушы тасымалдаушыларға жол ашылғанын хабарлайды.

Соңғы бірнеше күннен бері полиция автожолдарда күшейтілген қызмет режимінде жұмыс атқаруда. Қолайсыз ауа райы жағдайлары қозғалыстың шектелуіне әкелді. Соның салдарынан өңір жолдарында көлік құралдарының едәуір бөлігі жиналды.

Қазіргі таңда патрульдік қызмет шамамен 100-ге тарта көлік құралының қозғалысын ұйымдастырып, сүйемелдеу жүргізді. Себебі Сайрам, Түлкібас аудандарын басып өтетін Алматы - Ташкент - Термез тасжолында қалың тұман түскен.

Осы ретте полиция жол қозғалысына қатысушыларға арақашықтықты сақтау мен жылдамдық режимін қатаң ұстанудың маңыздылығын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру