Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер велосипед ұрлығын ашты

Түркістан облысында полицейлер велосипед ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ-ға жергілікті тұрғын «Урал» маркалы велосипедінің ұрланғаны жөнінде арызданған. Жәбірленуші тұрғынның айтуынша, оның үйінің ауласында тұрған 50 мың теңгелік велосипедін белгісіз біреу жымқырып кеткен. Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар келіп, велосипед ұрлаған ұрыны іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алып, дүкен мен көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді. Полицейлер жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктіні бір тәулік ішінде ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Жігіттен ұрланған велосипед алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Ер адамның айтуынша, ол үйіне жету үшін ұрлық жасаған.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға велосипед ұрлығынан қорғанудың жалғыз кепілдендірілген әдісі – велосипедті қараусыз қалдырмау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру