Түркістан облысында полицейлер велосипед ұрлығын ашты
Түркістан облысында полицейлер велосипед ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын EAGLT велосипедінің ұрланғаны жөнінде арызданған.
Жәбірленуші тұрғынның айтуынша, оның дүкен жанына қойып кеткен 50 мың теңгелік велосипедін белгісіз біреу жымқырып кеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар келіп, велосипед ұрлаған ұрыны іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алып, дүкен мен көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді. Полицейлер жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктіні бір тәулік ішінде ұстады. Күдікті деп танылған ер адам полиция бөліміне жеткізілді.
Белгілі болғандай күдікті ер адам айналасында ешкім жоқтығын біліп, өз арам ойын іске асырмақ болған. Сондай-ақ жымқырған велосипедті базарлардың біріне сегіз мың теңгеге сатып жібергені белгілі болды. Қазіргі уақытта қолды болған велосипед заңды иесіне қайтарылды. Полцейлер күдіктінің бұрында дәл осындай ұрлық жайтына қатысы барын растады. Бүгінде ұсталған ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мүліктеріңіздің сақталуы үшін мұқият болу керектігін ескертеді.