Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер заңсыз аң аулаған күдіктілерді құрықтады

Түркістан облысында полицейлер тіркелмеген мылтықпен аң аулаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз аңшылықпен айналысқан екі тұрғынды ұстады. Рейд кезінде табиғатты қорғау тобының полицейлері мен орман шаруашылығы инспекторлары мал жайылымы маңында күдік тудырған УАЗ автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру жүргізу барысында көлік ішінде болған екі ер адам қашып кетуге әрекеттенген, алайда көп ұзамай ұсталды. Оқиға орнынан екі жабайы қабанның мүшеленген еті, тіркелмеген 3 аңшы мылтығы және 30-дан астам оқ-дәрі тәркіленді.

Қазіргі уақытта заңсыз аңшылық дерегі бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру