Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер заңсыз аң аулау фактісін тоқтатты

Түркістан облысында полицейлер заңсыз аң аулау фактісін тоқтатты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер мен табиғатты қорғау өкілдері жедел-профилактикалық іс-шара барысында Отырар ауданының аумағында заңсыз аң аулау фактісін анықтады.

Кезекті рейд кезінде тәртіп сақшылары ішінде екі жергілікті тұрғыны бар ВАЗ автокөлігін тоқтатты.

Көлік салонынан заңсыз ауланған 2 қабан мен аңшылық мылтық табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша тексеру амалдары жүргізілуде, барлық мән-жайлар анықталуда. Оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады.

Өз кезегінде полиция азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру