Түркістан облысында полицейлер «Жас сақшы» сыныбының оқушыларына сабақ өткізді
Түркістан облысында полицейлер "Жас сақшы" сыныбының оқушыларына жол қауіпсіздігі бойынша сабақ өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында "Жас сақшы" полиция сыныбының оқушыларына жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында сабақ ұйымдастырды. Іс-шараға оқу орнының 30-ға жуық жас кадеттері қатысты.
Отырар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Асхат Нұрбеков, балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Ол жол белгілері мен реттеуші сигналдарының маңыздылығын жеткізді. Жолдарды тек белгіленген жерлерден кесіп өту, бағдаршам сигналдарын қарау және жаяу жүргіншілер жолымен өту қажеттілігін ескертті.
https://youtube.com/shorts/d0TclfRhRu8?si=uoK37Mv4ZPHJpMzR
Сонымен қатар сабақта жолда туындайтын түрлі жағдайлар, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіз жүріс-тұрысы жайлы сөз қозғалды. Асхат Нұрбеков жол қозғалысы ережелерін білу апатты жағдайларды болдырмауға және өмірді сақтауға көмектесетінін атап өтті.
Сабақ соңында тәртіп сақшылары мектеп оқушыларын жолдарда қауіпсіз орта құру үшін алған білімдерін достарымен бөлісуге шақырды.