Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер жас сақшыларға дәріс өткізді

Түркістан облысында полицейлер жас сақшыларға дәріс өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторлары Қылышбек Тұрмағанбетов пен Ғалымжан Шонықбаев “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жас сашыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

№1 М.Горький атындағы мектеп гимназиясында жаңадан ашылған Жас сақшылар” сыныбының оқушыларына  жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, буллинг, лудомания, зорлық-зомбылықтың алдын алу, есірткінің болашақ үшін қаупі жайлы, скутер, электромобильдер, самокаттарды арнайы жүргізуші куәлігінсіз тізгіндеуге болмайтындығы жөнінде баяндама жасады. 

Сондай-ақ экран арқылы жол қозғалысының  негізгі қағидаларын түсіндіріп, қауіпсіз жүріп-тұрудың ережелерін айтты. Шара барысында полицейлер жасөспірімдермен біргелікте жаяу жүргіншілер өтетін орындардан өтіп, жолдағы қауіпсіздік  ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндірді. 

— Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен олардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуы — полиция қызметінің “Заң мен Тәртіп” қағидасын жүзеге асыру жолындағы маңызды көрсеткіштерінің бірі. Мұндай шаралар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып,  жол-көлік оқиғаларының алдын алуға сеп болары анық, - дейді полиция инспекторы Қ.Тұрмағамбетов 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру