Түркістан облысында полицейлер жолда қалып қойған жүргізушіге көмектесті
Түркістан облысында полицейлер жолда қалып қойған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы — Ташкент — Термез тасжолында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін атқару кезінде патрульдік полиция қызметкерлері жол жиегінде тұрған көлікті байқады. Полицейлер жүргізушіге жақындап, мән-жайды сұрады.
Жүргізуші әйел Шымкент қаласынан Тараз қаласына бара жатқан жолда көлігінің дөңгелегі жарылып қалғанын айтты. Ол өтіп бара жатқан көліктерден көмек сұрауға тырысқанын, бірақ ешкім тоқтамағанын жеткізді. Полиция қызметкерлері Ерік Адырбеков пен Адеш Ешім жүргізушіге дөңгелекті ауыстыруға және ақаулықты жоюға жедел көмектескен соң ол жолын жалғастыра алды.
Жүргізуші әйел Түркістан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне уақытылы көрсеткен көмегі және үшін шын жүректен алғысын білдірді.