Түркістан облысында полицейлер жылқы ұрлаған күдіктіні ұстады
Түркістан облысында полицейлер жылқы ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Келес ауданының полицейлері жайылымнан мал ұрлады деген күдікке ілінген жергілікті тұрғынды анықтады.
Нақтырақ айтсақ, полиция бөліміне аудан тұрғындарының бірі мал ұрлығы туралы арызданып, белгісіз біреу 700 мың теңге тұратын жылқысын жымқырып кеткенін хабарлады.
Тергеу барысында тәртіп сақшылары күдіктіні, Келес ауданының тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ұрланған жылқы тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция тергеу жүргізіп, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.