Түркістан облысында полицейлерге "Қорғау" жүйесіндегі өзгерістер бойынша дәріс өткізілді
Түркістан облысында полицейлерге "Қорғау" жүйесіндегі өзгерістер бойынша дәріс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімінің бастығы Нұрым Әметов Сайрам аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне дәріс өткізді.
Шара барысында әкімшілік істер бойынша бірыңғай тізілімідегі мәліметтер қоры негізінде планшеттік компьютерлері арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғауға арналған мобильді қосымшаға енгізілген өзгерістер бойынша ақпарат берілді.
Сабақ барысында тиісті шара қолдану қажеттілігі туралы қаулылар мен нұсқамаларды орындауға автоматты түрде жолдау функционалының іске қосылғаны түсіндірілді.
Сонымен қатар "Қорғау" жүйесіне енгізілген жаңа өзгерістер бойынша жан-жақты түсіндірме жүргізіліп, қызметкерлермен практикалық сабақтар өткізілді.
Жыл басынан бері "Қорғау" жүйесі арқылы Сайрам ауданында 238 көлік арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі таңда жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерді анықтау, оларды есепке алу, ұстау шараларын қабылдау және профилактикалық жұмыстар жүргізу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
