Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция 10 мыңнан астам тұрғынды интернет-алаяқтықтан сақтандырды

Түркістан облысында полиция 10 мыңнан астам тұрғынды интернет-алаяқтықтан сақтандырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы Сайрам ауданында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында кең ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді.

Жедел уәкілдер аудан аумағындағы әрбір үйді аралап, тұрғындармен жеке кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 4 мыңнан астам үй қамтылып, 10 мыңнан астам адамға ескертпе парақшалары таратылды. Бұл парақшаларда интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың ең кең тараған түрлері, қылмыскерлердің алдау тәсілдері және жеке деректерді қорғаудың негізгі ережелері көрсетілген.

Полиция қызметкерлері әңгіме барысында бейтаныс адамдарға банк картасының нөмірін, құпия сөздерін, SMS-кодтарын бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және интернет-дүкендерден тауар сатып алу кезінде тексерілген, сенімді платформаларды пайдалану қажеттігін түсіндірді. Сондай-ақ алаяқтыққа тап болған жағдайда дереу полицияға хабарласу керектігі ескертілді.

Полицейлер мұндай алдын алу шаралары тұрғындардың киберқауіпсіздік деңгейін арттырып, интернет-алаяқтардың арбауына түсіру қаупін барынша төмендетуге ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру