Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция 150 оқушымен ерекше кездесу өткізді

Түркістан облысында полиция 150 оқушымен ерекше кездесу өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында "Полиция – балалардың қорғаны" тақырыбында кездесу өтті. Түркістан облысы ПД жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Нұржан Сабитханұлымен болған кездесуге 150 мектеп оқушысы қатысты. 

Шара барысында жасөспірімдер криминалистиканың қыр-сырымен, қылмысты ашуда қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдермен, арнайы құрал-саймандармен танысты. Криминалист маманның арнайы автокөлігіне шолу жасаған оқушылар, ондағы техникалық жабдықтардың қызметімен танысып, ерекше әсер алды.         

— Полиция қызметі жоғары жауапкершілікті, жедел шешім қабылдауды және азаматтармен өзара іс-қимыл жасауды талап етеді. Қызметтік міндеттерін табысты орындау үшін туындайтын жағдайларға тез әрекет ете алатын және халықтың проблемаларын тиімді шеше алатын сауатты мамандар қажет, — деді полиция полковнигі Н. Сабитханұлы.                      

 Бұл шара оқушылардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын оятып, балалардың білімге деген құлшынысы мен полицей мамандығына деген құрметін арттырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру