Түркістан облысында полиция алаяқтық қылмысының 5 фактісіне қатысы бар күдікті әйелді анықтады
Түркістан облысында полиция алаяқтық қылмысының 5 фактісіне қатысы бар күдікті әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысының бірнеше жайтына қатысы бар әйелді анықтады.
Белгілі болғандай, күдікті әйел танысының сеніміне кіріп, Алматы қаласынан арзан алтын алдырып беремін деп 160 мың теңге ақшасын алған. Содан қаражатты бас пайдасына жаратқан.
Полиция қызметкерлері күдіктінің бұдан бөлек 4 бірдей алаяқтық қылмысына қатысы барын анықтады. Яғни жәбірленушілерге «қайтарымсыз грант алып беремін» деп әрқайсысынан 200 мың теңгеге жуық қаражат алған. Келтірілген шығын 900 мың теңгеге жуықтайды.
Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.