Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция аң аулау ережелерін бұзған үш тұрғынды жауапқа тартты

Түркістан облысында полиция аң аулау ережелерін бұзған үш тұрғынды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысында полицейлер Ордабасы ауданы аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісін анықтады.

Жергілікті полиция қызметкерлері аң аулау ережелерін бұзған үш жергілікті тұрғынға шара көрді. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті айыппұлдар салынды.

Жалпы іс-шараны өткізу кезінде тәртіп сақшылары табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 3 фактісін анықтады, ал құқық бұзушылар жауапқа тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Браконьер» іс-шарасы браконьерлікке қарсы күресті күшейтуге, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылардың жолын кесуге, заңсыз аң аулау мен табиғи ресурстардың айналымына байланысты фактілерді анықтауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру