Түркістан облысында полиция аудан тұрғынынан марихуана тәркіледі
Түркістан облысында полиция аудан тұрғынынан марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара аясында есірткіні заңсыз сақтау фактісін анықтады.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі заттарын сақтады деген күдікпен Мақтаарал ауданының тұрғынын ұстады. Жедел уәкілдер күдікті тұрғынның үйін тінту кезінде сарайынан сіріңке қорабы мен қағаз орамаға салынған есірткіге ұқсас затты тапты.
Тәркіленген заттың марихуана екені расталды. Салмағы – 150 грамм. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және оқиғаның толық мән-жайы анықталады.